Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында (бұдан әрі - ВАК) Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі – Комитет)

22 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің бизнес-процестері қарастырылды. ВАК қорытындысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімдерін, құжаттар тізімін, толық автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға беруді қарастыратын 21 мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру ұсынылды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Комитет 22 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде, электрондық форматта, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету көзделген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді (ереже, стандарттар және регламенттер) әзірлеу және бекіту кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін айқындау барысында бірыңғай тәсілді (күнтізбелік күндерді жұмыс күніне ауыстыру бөлігінде), мемлекеттік қызметті көрсетудің дискрециялық мерзімдерін алып тастау («аса емес», «ішінде», «кем емес» және басқа), сондай-ақ, өтінімді қарау мерзімдерін мемлекеттік қызметті алушылардан сұратылатын құжаттар тізбесін қысқарту қарастырылуда.

Барлық сұрақтар бойынша Комитеттің жауапты қызметкерлеріне қоса берілген кестеге сәйкес хабарласа аласыздар.

Published on: 07.02.2019
Updated on: 07.02.2019
© 2019

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Civil Aviation Committee