Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

0512/19
В Казахстанских аэропортах наблюдается прирост пассажиропотока

Қазақстан әуежайларында жолаушылар саны арта түскен

Мемлекет басшысының әуе тасымалдарының бағасын төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша ұшақ билеттерінің құнын орта есеппен 12% -ке төмендетті.

Қазақстандағы алғашқы бюджеттік әуе компаниясы ашылып, қызмет көрсете бастауы әуе тасымалы нарығына елеулі түрде әсер етті. Ол ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырып, тиісінше әуе билеттерінің тарифі біршама төмендеді.

Fly Arystan әуе компаниясының нарыққа шығуына байланысты еліміздің әуежайларында жолаушылар ағынының өсімі байқалды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы әуежайында жолаушылар саны 48%-ке артса, Алматыда - 45%, Семейде - 1013%, Таразда - 734%, Павлодарда - 117%, Қарағандыда ​​- 90%, Шымкентте - 57 %, Оралда - 54% көбейген.   

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілерімен бірлесіп, ұшақ билеттерінің құнын төмендетуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.  

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының әуе отынына бағаны төмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстанда ұшуларды жүзеге асыратын шетелдік әуе компаниялардың және әуежайлардың өкілдерімен кеңес өткізді. Кездесуге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларының әуежайлары және «Air China Limited», «China Southern Airlines», «Turkish Airlines», «Атласглобал», «Аэрофлот», «Fly Dubai», «Uzbekistan Airways», «Pegasus», «Etihad Airways», «Siberia Airlines», «Ural Airlines» және «Белавиа» сияқты шетелдік әуе компанияларының өкілдері  қатысты.

Мемлекет меншігіндегі әуежайлар үшін отын құнын орташа нарықтық деңгейге дейін төмендету және шетелдік әуе компаниялармен арадағы шарттарды осы шешіміне сәйкес келтіру тапсырылды.

Әуе тасымалы құнында ең үлкен үлес салмақ осы әуе отынына тиесілі және ол көрсеткіш 30% дейін жетеді.

Жалпы алғанда, әуе отыны мен ұшақ билеттерінің құнын төмендету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында болады және бұл бағытта жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Civil Aviation Committee