Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Авиажолаушыларға

 

 
  1. Қандай құжаттар бойынша әуе көлігіне билеттер алуға болады
 
Жолаушы билетті, багажды ресімдеу кезінде және тіркеуден өту уақытында, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс:
  •  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  •  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
  •  шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
  •  азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  •  Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
  •  Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
  •  босқын куәлігі;
  • Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
  • шетелдік паспорт;
  • туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдар үшін)
  • Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасына оралу үшін ғана) 
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 73-V Заңының 3-бабының 1-тармағы, Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 5-тармағы
2. Қандай уақыт аралығында әуежайға келіп қою қажет
 
Әуежайдың билетті тіркеу орнына тіркеудің аяқталу уақытынан кешікпей келу қажет.
Халықаралық рейске тіркеу әуе кемесінің ұшып шығуына дейін кемінде 2 (екі) сағат қалғанда басталады және  ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады.
Қазақстан бойынша тіркеу әуе кемесінің ұшып шығуына дейін кемінде 1 (бір) сағат қалғанда басталады және  ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады.
 Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 6-тармағы
 
3. Сіздің шетелге шығуыңызға тыйым салынғанын қалай білуге болады
Шетелге баруды жоспарлағанда, алдын ала барлық берешектерді төлеп, орындалатын құжаттардағы нұсқамаларды орындаған дұрыс (ең аз дегенде 10-15 күн бұрын).
Шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлер тізімінен өзіңізді Әділет министрлігінің http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/zapret мекенжайы бойынша орналасқан ресми сайтынан тексеруіңізге болады.
Өзіңізді борышкерлер тізімінен анықтаған жағдайда, айыппұл, баж салығын, алимент, тұрмыстық қызметтер және басқа да берешектерді төлеп, одан кейін сот орындаушысына төлемді растайтын (түбіртек) құжатты ұсыну қажет.
 
  1. Қандай жағдайларда жүкті әйелдер ұшуға қабылданады
Жүкті әйелдер жүктілік мерзімі 34 аптаға дейін бір ұрықты жүктілік кезінде, ал көп ұрықты жүктілік кезінде – 32 аптадан артық емес мерзімді құраса, ұшуға қабылданады. Денсаулығының жай-күйі қанағаттанарлық болған жағдайда, бұл жүктілік мерзімі мен денсаулығының жай-күйі туралы медициналық ұйымның анықтамасымен расталуы тиіс.
Бір ұрықты жүктілік кезіндегі жүктілік мерзімі 34 аптадан асатын, ал көп ұрықты жүктілік кезінде – кемінде 32 аптаны құрайтын жүкті әйелдерден 035-1/у (ұшу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте ресімделмеген) нысандағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы талап етіледі.
Медициналық қорытындыда жүктілік мерзімі көрсетілуі және жүктілік ешқандай асқынуларсыз өтіп жатқанын растауы тиіс.
Егер туу мерзімі жақындағы 7 күнде күтілетін болса, жүкті әйелдерді тасымалдаудан бас тартады.
Жаңа босанған әйелді және алғашқы күнтізбелік 7 күн ішінде жаңа туған нәрестені тасымалдау рұқсат етілмейді.
 
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 32, 33, 34 –тармақтары
 
  1. Балалар қалай саяхаттайды
Ішкі және халықаралық рейстерде жолаушы екі жасқа дейінгі баланы оған жеке орын ұсынылмай (тегін) тасымалдауға құқығы бар.
Егер екі жасқа дейінгі балаға жеке орын талап етілсе, онда мұндай бала тарифтен 50% мөлшерде жеңілдікпен тасымалданады.
Әрбір баланы тасымалдау үшін тиісті қалыпты немесе арнайы тарифтің 50%:
- халықаралық рейсте 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларға (яғни 15 жас толғанға дейін) төленеді.
Ерiп жүретiн адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар ретiнде жасы 6-дан 16-ға дейiнгi балалар тасымалданады.
Еріп жүретін адамы жоқ балаларды тасымалдау үшін ата-аналарының (асырап алушыларының, қорғаншыларының) немесе қамқоршыларының жазбаша өтініші болуы қажет.
Ерiп жүретiн адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар сағат 23-тен таңғы 6-ға дейінгі уақытта тасымалдануға қабылданбайды.
6 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге ғана тасымалданады. 
Егер кәмелетке толмаған азамат Қазақстаннан еріп жүретiн адамсыз шығатын болса, оған паспорт, шығу мерзiмi және ол баруға ниет еткен мемлекет көрсетiлген азаматтың шығуына ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының нотариалды түрде ресiмделген келiсiмі қажет.
 
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 25, 26, 27-тармақтары
  1. Жолаушы қандай салмақтағы багажды алып жүре алады 
Авиакомпания коммерциялық ой-пікірі немесе шарт талаптарына қарай багажды тегін тасымалдау нормаларын ұлғайтуға және басқа да жеңілдіктерді белгілеуге құқығы бар.
Алайда әрбір багаж орнының массасы 32 кг және үш өлшем сомасы бойынша 158 сантиметрден аспауы тиіс. 
 
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 59-тармағы
 
  1. Авиакомпания қандай жағдайларда жолаушының ұшуын
жүзеге асырудан  бас тартады
 
Жолаушыны тасымалдау бiржақты тәртiппен мынадай:
  1. жолаушы әуе кемесi ұшуының алдында қарап тексеруден бас
тартқан;
  1. жолаушының Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған және
(немесе) жолаушының әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекет жасаған;
  1. егер жолаушының алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаң
күйде болуы өзiнiң денсаулығына немесе әуе кемесiнiң бортындағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн, сондай-ақ басқа жолаушыларға қолайсыз жағдай туғызатын (жолаушының жай-күйі медициналық куәландыру нәтижелерімен расталады);
  1. әуе кемесі командирінің және басқа да экипаж мүшелерінің
талаптарын, сондай-ақ қосылған ақпараттық таблода көрсетілген іс-әрекеттерді орындамау;
  1. қол жүгі мен жеке заттарын осы үшін арнайы бөлінген орындарға
орналастырмау;
  1. әуе кемесі командирінің өкімі бойынша немесе көрсетілген іс-
әрекеттерді орындауға міндеттейтін ақпараттық табло қосылған кезде жолаушы креслосының таңу белдіктерін тақпау;
7) бүкіл ұшу кезінде әуе кемесінің бортында тәртіп пен реттілікті сақтамау жағдайларында бас тартылады.
 
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 22-тармағы және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 88-бабы
 
8. Пайдаланылмаған авиабилет сомасын қайтару қалай жүргізіледі
 
Жолаушы пайдаланылмаған авиабилет сомасын қайтару үшін авиакомпанияға жазбаша өтінішпен және ұшудан бас тарту себептерін түсіндірумен жүгінеді және билеттің жарамдылық мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей қажетті құжаттаманы қоса береді. 
Жолаушы ұшудан мәжбүрлі немесе ерікті түрде бас тартқан кезде, соманы қайтару тарифті қолдану шарттарына сәйкес жүргізіледі.

Сома билетте көрсетілген адамға, не соманы қайтару туралы өтініш ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде билет үшін төлеген адамға қайтарылады.

Туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда, тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның мөлшерлес емес үлкен (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі жөнінде талап белгілеу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар болып табылады.

Пайдаланылмаған авиабилет сомасын қайтару бойынша туындаған даулар азаматтық-құқықтық тәртіпте шешіледі. 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 8-1 бабы, Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 10, 11-тармақтары

9.Жолаушының  рейс орындалмаған немесе кідіртілген жағдайларда  қандай құқықтары бар
 
Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе рейс кідірген, орындалмаған кезде, тасымалдау маршруты өзгергенде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай:
 1) 1 жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын;
түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру;
6) қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда, әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай көлікпен жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастырады;
7) тасымалдаушының кiнәсінен рейс кейінге қалдырылған немесе он сағаттан астам мерзiмге кiдiртiлген жағдайда, тасымалдаушы жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетiлген межелі пунктке дейін жақын арада ұшатын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді не жолаушыға билеттiң толық құнын қайтарады.
 
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 38-тармағы
 
10. Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қалай қызмет көрсетіледі
 
Әуежайда мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға уәкілетті агент қызмет көрсетеді және келесі тәртіптерді көздейді:
1) көзінің көрмеуі бойынша мүгедектігі бар және өзін жетектеуші ит сүйемелдеген жолаушыны тіркеу;
2) қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау кезінде авиакомпанияның (әуежайдың) өкілі тіркеуден кейін оларды әуе кемесіне/н шығарып салады және құжаттарымен қоса оны/оларды тікелей экипажға тапсырады;
3) шекаралық, кедендік бақылаудан және басқа ресімдеу рәсімдерінен өтуге көмек көрсетеді;
4) әуе кемесіне отырғызуды жолаушылардың негізгі бөлігінің отырғызуы хабарлағанға дейін бірінші кезекте, ал әуе кемесінен түсіруді соңғы кезекте жүргізеді;
5) арбаша-креслоны пайдаланатын адамдарды тасымалдау кезінде авиакомпанияның/әуежайдың өкілі әуе кемесінің салонында тасымалдауға арналған арнайы креслоны ұсынады.
Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларының 27-тармағы
 
11. Багаж зақымдалған немесе межелі пунктке келмеген жағдайда не істеу қажет
 
Авиакомпанияның уәкілетті агентіне багаждағы ақаулар не жоғалғаны туралы актіні әзірлеу үшін (бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрілген зиян  немесе жоғалуы белгiлi болғанда, авиакомпания тез арада жолаушының (алушының) қатысуымен ресімдейтін құжат) жүгіну қажет, онда нөмір, ұшу күні, әуе кемесінің ұшатын маршруты, багаж белгісінің нөмірлері және багаж сипаттамасы көрсетіледі. 
Если пассажир после прибытия в пункт назначения, остановки или трансфера не получил свой зарегистрированный багаж и заявил об этом, авиакомпания (агент) принимает меры к розыску багажа в рамках процедур авиакомпании.
Егер жолаушы межелi, аялдау немесе трансфер пунктiне келгеннен кейiн өзiнiң тiркелген багажын алмаса және ол туралы мәлiмдесе, авиакомпания рәсiмдерi шеңберiнде багажды iздестiру бойынша шаралар қабылдайды.
Багажды жеткiзуде мерзімнің өткені үшiн авиакомпания багажды алушыға мерзімі өткен әрбір тәулік үшін авиабилет құнының 10 пайызы, бiрақ авиабилет құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
 
Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 67, 74-тармақтары
 

Қазіргі уақытта бұл терминмен сыныпталған мазмұны жоқ.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті