Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы

1-бабының 66-1-тармақшасы:

пилотсыз ұшу аппараты (бұдан әрі - ПҰА) – бортында пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі

31-бап. Елді мекеннің үстінен ұшу

1. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен авариялық жағдайлар не төтенше мән-жайлар туындаған кезде жердегі адамдарға немесе мүлікке қауіп аса төнбейтін, бұл ұшу немесе қону кезінде қажет болатын немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда, қонуды орындауды қамтамасыз ететін биіктікте әуе кемелерінің ұшуы орындалады.

2. Әуе кемелерінің елді мекендердің үстінен ұшуының тұрақты схемаларын (маршруттарын) қоса алғанда, елді мекендердің үстінен ұшуды келісу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.

3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және ПҰА-ның елді мекендердің үстінен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

33-бап. Пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы

1. ПҰА Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында және ПҰА-ның пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.

2. ПҰА-ның пайдаланушылар әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ПҰА-ның жоспарланатын ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидалары 5-тарауның
82-тарамағы төмендегі текст қара).

3. ПҰА-ның күзетілетін объектілердің үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидалары бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қаулысы

32. Әуе кемелерінің адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және бетін ашу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында елді мекен үстімен ұшуы, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау, ПҰА-ның ұшуы, байлаулы аэростаттарды көтеру, осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі арқылы, аталған іс-шараларды іске асыру қамтамасыз етілетін биіктікте орындалады.

 Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу жөніндегі іс-шараларына байланысты ұшуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің күзету іс-шараларын өткізу шеңберіндегі тыс ұшуларды қоспағанда, белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауды келісуді ұлттық қауіпсіздік органдары және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің елді мекендер үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын келісіледі.

33. Елді мекендердің үстіндегі авиациялық жұмыстар, парашюттен секірулер, ПҰА-ның ұшуы, байланатын аэростаттардың көтерілуі әуе кеңістігін пайдаланушыларда елді мекеннің үстінен ұшуға Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығының (ӘҚБ БО) рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушының аумағында ұшулар жоспарланып отырған республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын ескерту арқылы орындалады.

5-тарау. Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану шарттары

82. Ұшу жоспары ұсынылған ПҰА-нын ұшыру көрсетілген жоспарларға сәйкес орындалады. Ұшу жоспарлары келесі сілтеме бойынша беруге болады: websppi.ans.kz.

82-1. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) 5,5 км алыс болса, ПҰА-ның ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органына жіберілмейді.

82-2. Пилотсыз ұшу аппараттарының, әуе кемелерінің ұшуы:

1) G сыныбындағы әуе кеңістігі шекарасы шегінде метеорологиялық минимумды сақтау (көлденеңінен 1500 метрден төмен емес көріну және тігінен 300 метрден кем емес бұлттың төменгі шекарасы) шартымен;

2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерден басқа) – осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді енгізу шартымен орындалады.

Қысқа мерзімді шектеулер 50 метр биіктікке дейін жер бедерінен созылып жатқан әуе кеңістігінде ПҰА-ның ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

3) диспетчерлік аймақта – жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан және осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеу енгізген жағдайда әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін барлық биіктікте орындалатын пилотсыз ұшу аппараттарының авиациялық жұмыстарды және демонстрациялық ұшуды орындауын (аэрошоу) қоспағанда, жер бетінен 50 метр биіктікке дейін жайылған және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км алыс орналасқан (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км алыс болса) әуе кеңістігінде;

4) мыналарда:

G сыныбындағы әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен келісу бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (ол болған жағдайда);

бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында – әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталығы қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда орындалады.

82-3. ПҰА-нын пайдаланушы адамдарға немесе меншікке қауіп төндірмеу үшін ПҰА-дан кезкелген жүкті немесе жануарларды (арнайы парашютсіз) түсіруге жол бермеуі тиіс.

82-4. Әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді белгілемесе, ПҰА-ның жауапты пайдаланушы қақтығысты болдырмау мақсатында, ПҰА-ның басқа әуе кемелеріне, адамдарға, көлік құралдарына, кемелерге және құрылыстарға қатысты траекториясы мен орналасқан жерін бақылау үшін жеткілікті, бөгде біреудің көмегінсіз (соның ішінде оптикалық құралдарды қолданбай) тікелей визуалды байланысты сақтауға тиіс.

82-5. Пилотсыз ұшу аппараты:

1) ұшу және қону уақытында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 50 метр жақындықта;

2) ұшу барысында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа да көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 100 метр жақындықта;

3) көпшілік адамдар тобынан және (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метр жақын барлық жағдайда;

4) ұшуға тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуға шектеу қойылған аймақтарда (осындай аймақтарды белгілейтін мүдделі тұлғалардың ұшуын қоспағанда) пайдаланылмауы тиіс. Ағымдағы шектеу туралы ақпаратпен келесі сілтеме бойынша өтіп танысуыңызға болады: websppi.ans.kz.

82-6. ПҰА-ның ұшуын қамтамасыз ету үшін бақыланатын әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеулер енгізілген кезде оны пайдалану шарттары ескертіледі.

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығы

4-тарау. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын есепке алу тәртібі

61. Ең жоғарғы ұшу массасы 1,5 кг асатын ПҰА-лары есепке алуға жатады.

62. ПҰА есепке алынған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ПҰА-лары есепке қою туралы куәлік беріледі.

63. ПҰА-ларын есепке алуды уәкілетті органмен арнайы журналда жүргізеді. ПҰА-лары есепке алу нөмірлері олардың ПҰА-ларын есепке алу журналындағы реттік нөмірлеріне сәйкес келуге тиіс.

ПҰА-лары есепке алу тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде жүргізіледі. Тиісті қорғалған бағдарламалық өнім болған жағдайда Мемлекеттік тізілім қайталау мүмкіндігімен электронды тасығыштарда жүргізіледі. Егер қағаз және электронды тасығыштардағы жазбалар арасында сәйкессіздіктер болса қағаз тасығыштағы жазба басым болады.

64. ПҰА-ларын есепке алу, сонымен бірге есептен шығару мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды.

65. Пайдалану мақсатында ПҰА-лары алушы тұлғалар уәкілетті органға ПҰА-ларын есепке алу өтiнiшімен бірге мынадай құжаттарды тіркей отырып ұсынады:

1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) құрылтайшылық құжаттың (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).

жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда құжаттар нотариалды куәландырылған түрде ұсынылады;

3) сату-сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі, сот шешiмi немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

4) жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының, ПҰА-ларын пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) ұшқышсыз авиациялық жүйенің мінездемелерінің сипаттамасымен дайындаушының құжаты (барынша жоғарғы ұшу массасы, барынша жоғарғы жылдамдығы, барынша жоғарғы ұшу биіктігі, басқару каналы, ұшу қашықтығы, басқару қашықтығы);

6) ұшу аппаратының үлгісі және нөмірі (паспорты), қозғалтқышының және станцияның сыртқы ұшқышының (паспорты);

7) Үлгі сертификатының немесе оған баламалы құжат көшірмесі (болған жағдайда);

8) ПҰА-ның шет мемлекеттің есебінен шығару куәлігі (егер ұшқышсыз ұшу аппараттары басқа мемлекеттің тізілімінде болған жағдайда)

9) Тіркеліп жатқан ПҰА-да әскери және тыңдалу жабдығы жоқтығын еркін жазбаша түрде өтініш берушінің растауы.

68. ПҰА-ларын есепке алу мынадай жағдайларда бас тартылады, егер:

1) көрсетілетін өтініш берушінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін өтініш берушінің және (немесе) ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке алу куәлігін алуға қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидалардың 65-тармағында белгіленген жағдайға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін өтініш берушіге қатысты оның авиациялық қызметіне немесе оның жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін өтініш берушінің есепке алу куәлігін алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

Есепке алу куәлігін беруден бас тарту жазбаша түрде өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

69. Анықталған кемшіліктер түзетiлгеннен кейiн өтiнiш берушi уәкілетті органға ПҰА-ларын есепке алу үшiн қайта ұсынады.

Қазіргі уақытта бұл терминмен сыныпталған мазмұны жоқ.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті