Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Комитет төрағасы

Ластаев Талгат Тлеубекович
Ластаев Талгат Тлеубекович

1980 жылы туылған.

Білімі:

Ұлттық авиациялық университет (Киев қаласы, Украина), көлік инженері, әуе көлігінде тасымалды ұйымдастыру және басқару.  

«Халықаралық экономика» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік бітірген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік сектор менеджменті» мамандығы бойынша магистратураны және «Экономика» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.

«Заңтану» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетін үздік бітірген.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ұлттық мектебі түлегі.

Саясаттану магистрі дәрежесін иеленумен Дьюк мемлекеттік саясаты университетінің Сэнфордтық мектебінде мемлекеттік саясаты мен менеджмент бағдарламасы бойынша оқыған.

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. 

Еңбек жолы:

 «Нұрбанк» ААҚ менеджері болып жұмысын бастаған.

Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өндірістік кәсіпорындардың басшысы болып қызмет атқарды. 

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Комитеті, ҚР көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту Департаментінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

2009 жылдың маусымнан 2014 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2017 жылдың 9 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы қызметін атқарады.

2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті