Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Төрағаның орынбасары

Өтепов Ардақ Төлтайұлы
Өтепов Ардақ Төлтайұлы

Өтепов Ардақ Төлтайұлы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1984 жылы Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Туған қаласында Басқару институтын, Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және АҚШ-тың Калифиорния университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2010-2011 жылдары басқарма сарапшысы, сосын 2014 жылға дейін халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды. 2014-2018 жылдары «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау және сапа департаментінің ғылыми-техникалық ақпарат бөліміне басшылық етті. Аталған тағайындауға дейін «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.

 

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті