Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Төраға орынбасары

Томпиева Салтанат Еркиновна
Томпиева Салтанат Еркиновна

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып Томпиева Салтанат Еркиновна тағайындалды

1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша (1994-1998 жж.)

TBS ( Toulouse Business School) - Aerospace MBA (2018-2020 жж.)

Еңбек жолы:

Азаматтық авиация саласындағы еңбек қызметін Томпиева Салтанат 1998 жылдан Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.

1999-2008 жылдар аралығында Стратегиялық жоспарлау бөлімінің, әуе қызметтері нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2008 жылдан 2012 жылға дейін - Әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының, халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының басшысы, Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас мемлекеттік авиация инспекторы – басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж) мерейтойлық медальдарымен, «Құрметті авиатор» ведомстволық төс белгісімен (2014ж.), «Ерен еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен (2017 ж.) марапатталған. 

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті