Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1511/18
За 10 месяцев 2018 года рост пассажирских авиаперевозок составил 10%

2018 жылдың 10 айында елімізде жолаушылар әуе тасымалы 10%-ға өсті

Биыл еліміздегі әуе тасымалы саласындағы өсім қарқыны сақталып келеді. 2018 жылдың 10 айында жергілікті әуежайлар 12,7 млн. адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға (12,0 млн.) артық.

2018 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасының әуе компаниялары 6,8 млн. жолаушыны тасымалдады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6,2 млн. Адам) әуе көлігімен жолаушылар тасымалының өсімі 10% құрады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) баяндамасында Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып танылып отыр. IATA болжамына сәйкес, алдағы 20 жылда біздің еліміздегі әуе көлігімен сапарлаушылар саны 8 миллионнан 18 миллионға дейін артады.

Фото ашық ақпарат көзінен


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті