Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0307/19
В рамках празднования «Дня Столицы» Авиакомпания SCAT запускает новый международный рейс «Нур-Султан - Токио»

"Астана күнін" мерекелеу аясында SCAT авиакомпаниясы "Нұр-сұлтан-Токио" жаңа халықаралық рейсін іске қосады

Бүгін, 3-ші шілдеде, жаңа рейстің ашылу рәсімінің ресми тұсаукесері өтті.

Қазақстан тарихында Қазақстан мен Жапония арасындағы алғашқы авиациялық барыс-келістің ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау және мемлекеттік органдар мен авиакомпаниялардың жедел түрде  бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.

«2019 жылдың басынан бастап "Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батор", "Нұр-Сұлтан - Прага", "Алматы - Баку", Жуковский қаласынан Қарағандыға жаңа халықаралық рейстер ашылды. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, шетелдік жолаушылардың транзитпен келуінен ғана Қазақстан экономикасына қосымша түсетін түсімдер шамамен 40 млн. АҚШ долларын құрауы мүмкін»,- деп атап өтті ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев өз сөзінде.

6 шілдеден бастап Токио әр сенбі сайын Қазақстаннан туристерді қабылдайды. Алдағы уақытта SCAT Жапония астанасына ұшатын рейстердің жиілігін аптасына бірнеше есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті