Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2805/19
КГА ведет работу по изменению трехбуквенного кода ИАТА столичного аэропорта

Азаматтық авиация комитеті елордалық әуежайдың IATA үш әріптік кодын өзгертуге жұмыс жасауда

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік IATA кодын өзгерту мәселесінде белсенді жұмысын жалғастыруда.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты рейстерді жүзеге асыратын IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мүшелері Air Astana, SCAT, Belavia, LOT Polish Airlines, Turkish Airlines, Air China, Uzbekistan Airways және FlyDubai қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті.

Жиынның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын ауыстыру туралы шешімді әуе компаниялар бірауыздан қолдады. Бұл шешімнің хаттамасы IATA штаб-пәтеріне жіберіледі.

Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша IATA-мен жұмысты жалғастырады.

Комитетом гражданской авиации МИИР РК продолжается активная работа по вопросу изменения трехбуквенного кода ИАТА аэропорта г. Нур-Султан. Сегодня состоялось совещание с представителями казахстанских и зарубежных авиакомпаний-членов Международной ассоциации воздушного транспорта ИАТА: «Эйр Астана», «SCAT», «Белавиа», «LOT Polish Airlines», «Turkish Аirlines», «Air China», «Узбекские авиалинии» и «Fly Dubai», выполняющих регулярные рейсы в г. Нур-Султан. По итогам совещания, решение об изменении трехбуквенного кода аэропорта г. Нур-Султан авиакомпаниями было поддержано единогласно. Протокол данного решения будет направлен в штаб-квартиру ИАТА.  Комитет гражданской авиации будет продолжать работу с ИАТА по изменению трехбуквенного кода аэропорта г. Нур-Султан.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті