Азаматтық авиация комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет тәуелсіз мамандардың жоғары бағасына ие болды

 
Госуслуга оказываемая КГА получила высокую оценку независимых специалистов

Мемлекет басшысы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оларды жедел жүргізілуіне үлкен мән береді. Осы міндеттің аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысы бойынша тәуелсіз мамандардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу тәжірибесі алғаш қолданылды. 

Биылғы қыркүйек-қараша айларында Министрлікте қоғамдық мониторинг екі мемлекеттік қызметті қамтып, оның ішінде Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру»  қызметін бағалады. Мониторинг барысында мемлекеттік қызметті негізгі пайдаланушыларға сауалдар қойылып, мемлекеттік қызметтің сапасы, қолжетімділігі, рәсімдер, ақпарат және қызмет нәтижесі сияқты негізгі компоненттері бойынша бағалау жүргізілді. Мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенттерді бұзу фактілері анықталған жоқ.

Жалпы «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік қызметін көрсету сапасына қанағаттанарлық 10 балдық шкала бойынша 9,3 балға бағаланды, бұл жоғары көрсеткіш болып табылады.

Мемлекеттік қызметке мына көрсеткіштер бойынша бағалау жүргізілді:

Көрсеткіштер

Орташа балл (максимум 10)

Сапасы

Қызметкердің біліктілігі

9,7

Қызметкердің оперативтілігі

9,7

Қызметкердің әдептілігі және кәсіби этикасы

9,7

Қызмет қолжетімді тілде көрсетілді

9,7

Ақпарат

Интернет-порталдан, Уәкілетті органнан (ААК-қа қоңырау шалды, анықтамалық қызметтер арқылы, бірыңғай байланыс-орталық және басқа) алынған осы қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі және ашықтығы 

9,3

Рәсімдер

Қызмет туралы алынған ақпараттың түсінікті болуы және дұрыстығы

9,2

Қызметті беруші порталы жұмысының жылдамдығы (порталды жүктеу жылдамдығы)

9,1

ЭЦҚ пайдалану қолайлығы

9,2

Порталда бағдарлау,  навигация қолайлығы (түсінікті интерфейс)

9,1

Құжаттарды жинақтау және ұсыну процесі, қарапайымдылық және түсінікті болуы

9,2

Ресми порталда қызмет бойынша ақпараттың қолжетімділігі және түсінікті болуы

9,2

Жалпы қанағаттанарлық

9,3

 

Фото ашық ақпарат көзінен