Азаматтық авиация комитеті мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда

 
Комитет гражданской авиации продолжает работу по переводу государственных услуг в электронный формат

2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Азаматтық авиация комитетінің мемлекеттік қызметтері қаралды.

Азаматтық авиация комитеті мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында Жол карталарын әзірледі.

Жол карталары шеңберінде мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құрамдарын болдырмау үшін кейбір мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары арқылы көрсетілетін болады, мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен көрсету мерзімдерін қысқарту қарастырылған.

Нормативтік құқықтық актілерге оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін келесі мемлекеттік қызметтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 946 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18089 болып тіркелді);
  2. «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 946 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18089 болып тіркелді);
  3. «Ұшуларды орындау құқығына куәлiк беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы)» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18109 болып тіркелді);
  4. «Пайдаланушы сертификатын беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18109 болып тіркелді);
  5. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлiк беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18109 болып тіркелді);
  6. «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18019 болып тіркелді);
  7. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 685 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қазанда № 17587 болып тіркелді);
  8. «Авиация персоналына куәлiктер беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 891 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18021 болып тіркелді);
  9. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 891 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18021 болып тіркелді);
  10. «Әуе айлағының (тiкұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 886 бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 18007 болып тіркелді).