Азаматтық авиация комитеті "Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясын аккредитациядан өткізді

 
КГА выдал аккредитацию авиакомпании «Северный ветер» (Nordwind)

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалы географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бүгін Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасында «Северный ветер» (Nordwind) ресейлік авиакомпаниясының аккредиттеу туралы куәлік берді.

Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде "Северный ветер" әуе компаниясы Самара-Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рет жиілікте тұрақты түрде жолаушыларды тасымалдауды жоспарлап отыр.

Қазақстанға ұшулар Boeing 737 және Airbus 321 ұшақтарында орындалады. Әуе компанияның паркі Boeing және Airbus ұшақтарының ең танымал үлгілерінен жасақталғанын атап өткен жөн.

Қазақстанның барлық халықаралық бағыттағы рейстерінің 1/3 бөлігі Ресеймен байланысқан. Азаматтық авиация комитетінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе қатынасы дамыту бойынша жұмысы жалғасатын болады.

"Северный ветер" (Nordwind) әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Бүгінгі таңда "Северный ветер" Ресей Федерациясының жолаушылар тасымалы бойынша алғашқы 10 әуе компаниясынының қатарына енеді және осы күнге дейін ресейлік азаматтық авиация саласының даму индикаторларынан жоғары өсу қарқынын көрсетіп келеді.