Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары м.а. Т.Амироваға қатысты жарияланған материалға түсініктеме

 
Комментарий к публикации касательно и.о. заместителя председателя КГА Т.Амировой

Т.С.Амированың Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға біліктілік талаптары сай келмейді, деп жарияланған материалға қатысты Инвестициялар және даму министрлігі келесіні хабарлайды.

2018 жылдың 12-желтоқсанында Т.С.Амированың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бес жылға толды. Жалпы авиация саласындағы тәжірибесіне келер болсақ, 8 мың сағаттан астам уақыт ұшқан.

Қазіргі уақытта Т.Амирова «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізу ережесінің барлық біліктілік талаптарына сай келеді.

Тиісінше, Т.Амированың ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлығына - бас мемлекеттік авиациялық инспекторы мемлекеттік лауазымын иелену конкурсының 2-кезеңіне қатысуға толық құқығы бар.

Айта кету керек, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиация саласында елеулі жетістіктерге жетіп отыр.

Өткен кезеңде ИКАО -ның авиациялық қауіпсіздік бойынша аудиті сәтті өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткіздік.  Осылайша, ИКАО-ның стандарттарына Қазақстандағы сәйкестігі 83% құрады, бұл 2009 жылғы аудиторлық көрсеткіштен 21% -ға артық. Еліміздегі бұл көрсеткіш орташа әлемдік деңгеймен салыстырғанда 72% -дан 11% -ға жоғары.

Қазақстандық жеті әуе компанияның Еуропа елдеріне ұшуына ешқандай шектеулер жоқ. Халықаралық маршруттарды дамыту жалғасуда. Жыл басынан бері қазақстандық және шетелдік әуе компаниялардың қатысуымен 14 жаңа әуе қатынасы ашылды. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемнің басқа елдерімен әуе қатынасын 96 халықаралық бағыт бойынша байланыстырады.

Қазіргі уақытта елімізде ИКАО санатына жататын әуежайлардың саны 15-ге жетті. 2020 жылға қарай елдің барлық әуежайларында ұшу-қону жолағын қайта құру жұмыстары аяқталады.

2018 жылы қазақстандық әуе тасымалдаушылар жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Биыл 10 айда қазақстандық әуе компаниялары 6,8 млн. жолаушыны тасымалдады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен (6,2 млн адам) салыстырғанда 10% артық. Қазақстан Республикасының әуежайлары үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 12,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың осындай кезеңінен 6% артық (12,0 млн. адам).

Биылғы қаңтар-қараша айларында еліміз арқылы сапарлаған транзиттік жолаушылар саны 810 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2017 - 578 мың) 40% -ға артық және жылдың соңына дейін 900 мыңнан астам транзиттік жолаушыға жетеміз, деген меже бар.