Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1001/20

"Белавиа" әуе компаниясы Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларына рейстер ашады

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа халықаралық бағыттарды ашу жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде.

2019 жылғы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы кезекті конференциясында (ICAN 2019) Комитет пен Беларусь Республикасының авиациялық биліктерімен қол жеткізілген уағдаластықтарына сәйкес, "Белавиа" әуе компаниясы Қазақстан қалаларына бірқатар рейстерді ашады.

Қазіргі уақытта әуе компания 2020 жылдың жазғы кезеңінде орындалатын Минск - Ақтау, Минск - Қарағанды, Минск - Павлодар және Минск - Қостанай рейстеріне әуе билеттерді сатуды бастады. 

Қазіргі уақытта "Белавиа" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы рейстерді орындайды.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Минск – Алматы бағытындағы рейстер күн сайын орындалатын болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті