Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1110/19
Авиационные власти Канады изучают опыт Казахстана в обеспечении авиационной безопасности

Канаданың авиациялық билігі Қазақстанның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәжірибесін зерттеуде

ИКАО "No Country Left Behind" (бірде-бір ел назардан тыс қалмайды) бастамасы шеңберінде Азаматтық авиация комитеті мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ өкілдерінің Канададан келген делегациямен авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мамандары және Канада Министрлігінің Авиациялық қауіпсіздік департаментінің өкілдері қатысты.

Әңгіме барысында авиациялық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу туралы ұсыныстар қаралды, атап айтқанда: сапаны бақылау жүйесін басқару, инсайдерлік қатерлерді жіктеу, киберқауіпсіздік бойынша тиімді қорғау шараларын іске асыру, авиациялық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару.

Канаданың авиациялық билік өкілдері ұшқышсыз ұшу аппараттарына байланысты қауіптерден азаматтық авиацияны қорғау саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Екіжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдау үшін және авиациялық қауіпсіздік бойынша көрсеткіштердің жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында Канада алаңында ИКАО халықаралық ережелері мен стандарттарына сәйкес авиациялық инспекторларды оқыту  мәселесін қарастыру жоспарлануда. 

Канадада қолданылатын авиациялық қауіпсіздікті басқару әдістемесі мен механизмдерімен таныстыру материалдары ұсынылды.

Өз кезегінде "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Канададан келген делегацияны қолданыстағы заңнамамен және Қазақстан Республикасындағы авиациялық қауіпсіздікті басқару жүйесімен таныстырды.

Сапар аясында Канада делегациясы Қазақстан Республикасының авиациялық билік қызметкерлері бірлесіп Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына барды.

Сондай-ақ, делегация сапары барысында «Эйр Астана» әуекомпаниясымен жұмыс кездесуі жоспарланған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті