Қазақстан Парламенті әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны қабылдады

 
Парламент Казахстана ратифицировал Конвенции о преступлениях и некоторых других актах, совершаемых на борту воздушных судов

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны (1963 жылғы, Токио) және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін Хаттаманы (2014 жылғы, Монреаль) ратификациялау туралы, Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны (Гаага, 1970ж.) және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын Хаттаманы (Бейжің, 2010ж.) ратификациялау туралы 2 заң жобасын қабылдады.

Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да актілер туралы 1963 жылғы Токио конвенциясы және оны өзгертетін 2014 жылғы Монреаль хаттамасы әуе кемелерінің бортында тәртіпсіздіктің жолын кесу және тиісті тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған.

«Токио конвенциясы мен Монреаль хаттамасына сәйкес Қатысушы мемлекеттер, егер олар тіркелген мемлекет болып табылса,әуе кемесінің бортында жасалған құқық бұзушылықтарға қатыстынемесе әуе кемесінің қонумемлекеті ретіндеөздерінің юрисдикциясын жүзеге асыруға құқылы. Конвенция мен Хаттамада әуе кемесінің командирлері мен экипаж мүшелерінің ұшу кезінде тәртіп бұзған жолаушыларға қолданатын шектеу шаралары бойынша өкілеттіктері анықталған және кеңейтілген», - деп атап өтті сенаторлардың алдында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы 1970 жылғы Гаага конвенцияны және оны толықтыратын 2010 жылғы Бейжің хаттамасы әуе кемелерді заңсыз басып алуға байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті айқындауға және осындай қылмыстарға өзінің юрисдикциясын белгілеуге бағытталған.

Осы халықаралық келісім шарттарда қылмыстық әрекеттерге қатысушы сыбайластың жауапкершілігі қарастырылған. Бейжің хаттамасы әуе кемесін заңсыз басып алу актілерінің тізімін кеңейтеді. Атап айтқанда, әуе кемелерін аэронавигациялық жүйелеріне араласу және кибер-шабуылдар қолдану арқылы бақылау жүзеге асырылады.Егер тұлға, осындай қылмыс жасаймын деп қорқытса, ол да қылмыс болып  есептеледі.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындаосы актілер үшін жауапкершілік нормалары қарастырылған.

Бұл халықаралық келісімдерді жүзеге асыру БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттемелерін адал орындауға, сондай-ақ терроризмге қарсы күрестің жаһандық жүйесіне белсенді қатысуға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Фото ашық ақпарат көзінен