Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2806/19
В Казахстане развивается институт авиационных медицинских экспертов

Қазақстанда авиациялық медициналық сарапшылар институты дамуда

Қазіргі уақытта авиациялық сала әлемдік экономиканың неғұрлым серпінді және перспективалы салаларының бірі ретінде сервистің жоғары деңгейіне кепілдік беруге және өзара іс-қимылдың барлық кезеңдерінде жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.

"Ұшу қауіпсіздігі аспектілерінің бірі - медициналық.  Авиациялық медицина - бұл авиация мамандарының еңбек тиімділігін арттыру, сырқаттануды төмендету, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұшуға байланысты ұзақ өмір сүруді ұзарту мақсатында ортаның жағдайлары мен кәсіби қызмет факторларының денсаулығына және жұмысқа қабілеттілігіне әсерін зерттейтін сала", - деп хабарлады ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша екінші республикалық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде.

2017 жылы өткен бірінші конференция Еуропалық стандарттарға барынша жақын медициналық куәландырудың жаңа ережелерін енгізумен тұспа-тұс келді. Сол уақыттан бастап Қазақстан дәрігерлік-ұшу сараптамасының комиссиялық жүйесінен сертификатталған авиациялық медициналық орталықтар базасындағы авиациялық медициналық сарапшылар институтына көшті. Сондай–ақ авиациялық медицинаның барлық салаларында-авиаперсоналды куәландырудан бастап, азаматтық авиация жолаушыларына көмек көрсетілгенге дейін жаңа ережелерді қолданудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды.

Жаңа ережелерді енгізу бұрынғы КСРО республикалары арасында алғашқылардың қатарында жасалды. Бұл шешімнің маңыздылығын түсіну үшін, Қазақстандағы ДҰСК түріндегі комиссиялық жүйе (дәрігерлік ұшу-сараптау комиссиясы) 65 жыл бойы қызмет көрсеткенін есте сақтау қажет. Дайындық кезеңінде 2015-2016 жылдары Қазақстанда ИКАО сарапшылары жұмыс істеді, олар нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмектесті.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 180 авиациялық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 60 авиациялық дәрігер. 9 дәрігер халықаралық дәрежедегі авиамедициналық сарапшылары болып табылады. Екі авиациялық медициналық орталықта (Нұр-сұлтан қ. және Алматы қ.) 2018 жылы авиациялық персоналдың 4148 қызметкері: ұшқыштар, авиадиспетчерлер, бортсеріктер куәландырылды. Ұшқыш авиациялық медициналық орталықта мұқият тексерілгенде ғана куәландыру туралы сөз болады, содан кейін оның белгілі бір кезеңге жұмысқа жарамдылығы туралы шешім шығарылады. Ұшқыш мамандығына "кіріскенде" үміткер бұл мамандық "таңдаулылар" екенін түсінеді, өйткені ұшқыш болғысы келетіндердің көпшілігі медициналық комиссиядан өте алмады. Сонымен қатар, жолаушылар әуеде ұшу барысында өздерін жайлы сезінуі үшін күн сайын әуежайларда көптеген ұшу алдындағы және ауысым алдындағы комиссиялар жұмыс істейді.

Қазақстанда 1 және 2 класты дәрігер - авиа медициналық сарапшыларды даярлау жүргізілуде. 2015 жылы (Бухарест қаласы) "Флай Левел" мекемесінде дәрігерлерді оқыту ұйымдастырылды және өткізілді. Сонымен қатар, дәрігерлер ИКАО-ның авиациялық медицина бойынша жыл сайынғы Халықаралық конференцияларына қатысып, біліктілігін арттыруда: 2013 ж. - Бухарест, 2015ж - Оксфорд, 2016ж.- Осло, 2018 ж. - Бангкок); жыл сайын МАК - Мәскеу (2014, 2017, 2018), Минск (2016), Ереван (2018) ұйымдастыратын іс-шараларға қатысты.

В Казахстане развивается институт авиационных медицинских экспертов

В Казахстане развивается институт авиационных медицинских экспертов


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті