Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2711/19
Авиационная администрация Казахстана подписала соглашение с Министерством транспорта, коммуникаций и первичного сектора Арубы, а также авиационными властями Бермудских островов

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Аруба Көлік, коммуникациялар және бастапқы сектор министрлігімен, сондай-ақ Бермуд аралдарының авиациялық биліктерімен келісімге қол қойды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Аруба Көлік, коммуникация және бастапқы секторы министрлігінің Азаматтық авиация департаментімен Чикаго Конвенциясының 83Bis бабына сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау және бақылау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісімге шеңберінде тараптар Арубаның азаматтық әуе кемелерінің тізілімінде орналасқан және Қазақстан Республикасында негізделген әуе кемелерінің және оларды пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету мәселелерінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында тараптар инспекциялық тексерулер нәтижесінде анықталған кез келген кемшіліктерді түзету үшін, сондай-ақ пайдаланушылардың қызметі туралы толық ақпарат алуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Бірлескен отырыстар өткізілетін болады. Онда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізетін ұшу қауіпсіздігін қадағалау мәселелері, ұшуды пайдалану жөніндегі қызмет, ұшу жарамдылығын қолдау және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, "пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуін реттеу жөніндегі нұсқаулық" процедуралары; EASA SAFA инспекциялары, сондай-ақ инспекциялық тексерулер мен аудиттердің нәтижелерінен туындайтын басқа да маңызды мәселелер қаралатын болады.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 26 қарашада Бермуд аралдарының Азаматтық авиация агенттігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында ынтымақтастық туралы дәл осындай келісімге қол қойылды.

2020 жылдың басында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен Бермуд аралдары арасында осы келісімді пайдалану мәселесі бойынша қазақстандық әуе компаниялары үшін түсіндіру жүргізу үшін кездесу өткізу жоспарлануда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті