Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1511/19
Дорогие друзья!

Құрметті достар!

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және жетілдіру процесін тұрақты жүргізуде. Қазіргі уақытта азаматтар мен заңды тұлғалардың ыңғайлылығы үшін авиациялық персоналға куәліктерді беру немесе қалпына келтіру процесі Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Авиация персоналына жаңа куәліктерді жоспарлы түрде шығару мақсатында, авиациялық персонал куәліктерін алуға өтініш берушілердің көп болуына байланысты Сіздерден (заңды өкілдерден) куәліктер беруге арналған құжаттарды біртіндеп, үш апта ішінде ХҚКО арқылы бір тапсырғанда 10-нан аспайтын өтініш ұсынуды сұраймыз.

Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларынымен www.caakz.com сайтындағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығында танысуға болады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 05 қазанда № 8782 тіркелді. 2019 жылғы 23 шілдедегі соңғы редакция (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізілді).


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті