Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2811/19
«SCAT» с 30 ноября запускает прямое авиасообщение между Казахстаном и Саудовской Аравией

"SCAT" әуе компаниясы 30 қарашадан бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей әуе қатынасын іске қосады

"SCAT" әуе компаниясы  2019 жылдың 30 қарашасынан бастап  Boeing-757 типті әуе кемесінде Алматы – Жиддә (сәрсенбі) және Алматы – Медина (сенбі) бағыттары бойынша ұшуларды орындауды  бастайды.

Еліміздің танымал бағыттарының бірінде жаңа тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға жаңа серпін береді. Жаңа әуе бағыт діни және бизнес қоғамдастықтардың өкілдеріне, сондай-ақ туристік топтарға уақытты үнемдеп, барынша ыңғайлы кестемен сапарларды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы келісімге сәйкес, екі тараптың тағайындалған әуекомпаниялары әр тараптан елдер арасында аптасына 4 жолаушы және 3 тұрақты жүк тасымалдау рейстерін орындауға құқылы.

Сауд Арабия тасымалдаушылары үшін рұқсат етілген қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды, ал қазақстандық тасымалдаушылар үшін Эр-Рияд, Жиддә, Медина және Даммам.

Қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы 2016 жылдан бастап қажылық маусымы кезеңінде қазақстандық қажыларды тасымалдау бойынша Сауд Арабиясына тұрақты емес ұшуларды орындады.

 2019 жылдың басынан бастап әуе компания Қазақстанның астанасынан Прагаға, Ұлан-Баторға, Мәскеуге және Токиоға тікелей халықаралық рейстерді іске қосты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті