Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1401/19
Тлек Ербулеков назначен ректором Академии гражданской авиации

Тілек Ербөлеков Азаматтық авиация академиясының ректоры болып тағайындалды

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ  директорлар кеңесінің шешімімен Ербөлеков Тілек Сансызбайұлы  оқу орнының басқарма төрағасы - ректоры болып тағайындалды. Академия ұжымына жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев таныстырды.

Тілек Ербөлеков 1981 жылы Ақтөбе азаматтық авиация жоғарғы ұшу училищесін инженер-ұшқыш  (әуе көлігін пайдалану) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол «Dassault Aviation» (Франция), «Jet Tech International» (АҚШ), Flight Safety Boeing (АҚШ), «Turkish Airlines Training Center» (Түркия), British Airways Training Center (Ұлыбритания) оқу орталықтарында қосымша білім алған.

Тілек Ербөлеков өзінің қызмет жолын 1981 жылы Петропавлдағы бірлескен әуе отрядында ЯК-40 ұшағының екінші  ұшқышы ретінде бастады. 1983 жылдан 1990 жылға дейін Орал бірлескен әуе отрядында L-410 ұшағының командирі болып жұмыс істеді. 1990-1995 жылдары ТУ-134 әуе кемесінің екінші ұшқышы болып жұмыс істеді. 1995-1996 жылдары Falcon-900 ұшағының ұшқыш-нұсқаушысы, командирі болды. 1997-1999 жж. «Эйр Қазақстан» әуе компаниясының   Ту-134, Boeing 737-200 ұшу отряды командирінің орынбасары, командирі болып қызмет атқарды. «Боинг» ұшағының Designated Examiner - емтиханшы ұстаз ретінде біліктілігі бар.  1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Эйр Қазақстан» ЖАҚ ұшулар қауіпсіздігі инспекциясы бастығының орынбасары, содан кейін бастығы қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін «Эйр Астана» ЖАҚ Өндірістік директоры лауазымын атқарды, Жоғары аттестаттау комиссиясының (ЖАК) мүшесі болды. 2006-2007 жылдары «Бүркіт» РМК директорының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2013 жж. «Эйр Астана» ЖАҚ Боинг 757/767 әуе кемелерінің ұшқыш-нұсқаушысы. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұшуларды  орында басқармасының бастығы болды. 2013 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Эйр Астана» әуекомпаниясының Boeing 757/767 әуе кемелеріне нұсқаушы ұшқыш ретінде жұмыс істеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті