Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0302/20
Члены летного и кабинного экипажей будут проходить обязательный предполетный медицинский осмотр

Ұшу құрамының, кабина экипажының мүшелері міндетті түрде ұшу алдындағы медициналық тексеруден өтеді

Коронавирустық инфекцияға қатысты әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты және Қазақстанда инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында Ұшу құрамының, кабина экипажының мүшелері ерекше өкімге дейін міндетті түрде ұшу алдындағы медициналық тексеруден өтуі қажет.

Ұшу алдындағы медициналық тексеруді жүргізу кезінде азаматтық авиация ұйымдарының және азаматтық авиация ұйымдарымен келісім бойынша медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері міндетті түрде дене температурасын өлшеп, терінің сыртқы қабығы мен көзге көрінетін шырышты қабаттарының түсі мен күйіне (бозару, гиперемия, шамадан тыс терлеу, акроцианоз, ісіну, терінің сарғаюы, склера және т.б.) баға беру қажет. Сондай-ақ, бадамша бездердің, жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабығын, жұтқыншақты және тілін тексеру; қарашықтың жарыққа реакциясын анықтау қажет.

Сонымен қатар, ұшу алдындағы медициналық тексеруден өтетін бөлменің санитарлық тазартылуын бақылауды күшейту ұсынылды (дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалау, бөлмелерді желдету, кварцтау және т. б.).

Ұшу алдындағы медициналық тексеру кабинеттері жеткілікті мөлшерде термометрмен, бір реттік маскалармен, бір реттік қолғаптармен және бір рет пайдаланатын шпательдермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Егер жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері бар авиация персоналы анықталған болса, аумақтық емханаға және/немесе авиациялық медициналық сарапшыларға жолдай отырып, функционалдық міндеттерін орындаудан шеттету қажет.

Ұшу құрамының және кабина экипажының барлық мүшелеріне медициналық маска тағу ұсынылады.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тұрақты рейстерді уақытша тоқтату мәселесі бойынша қазақстандық және қытайлық әуе компаниялардың өкілдерімен кездесу өтті. «Эйр Астана», China Southern Airlines және Air China өкілдері уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттерді қайтару сатып алу орны бойынша толық көлемде жүзеге асырылатынын тағы да растады.

Әуе компаниялар Қытай Халық Республикасында коронавирустың таралуына байланысты жағдайдың тезірек жақсаруына үміт білдіреді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті