Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Азаматтық авиациядағы медициналық қызметті дамыту бойынша ақпарат

Авиациялық медицина - ортаның жай-күйіне әсерін және денсаулыққа кәсіби қызметтің факторлары мен авиациялық мамандардың жұмысқа қабілеттілігін, оларды еңбекке тиімділігін арттыру мақсатында, аурудың төмендетуін, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін және ұшу өмірін ұзартуын зерттейтін медицина саласы болып табылады.

Азаматтық авиацияның медициналық қызметінің жұмысын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Стандарттары және ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес келтіру шеңберінде азаматтық авиация бойынша өңделген заң жобасының концепциясына медициналық қызметті реформалаудың негізгі бағыттары енгізілді:

  • медициналық куәландырудың өтуін қарастыру;
  • медициналық куәландыру жүргізетін медициналық қызметкерлерге талаптар бекіту.

Бүгінгі таңда персонал және медициналық жабдықпен толықтырылған Астана мен Алматыдағы Авиациялық медициналық орталықтар сапалы зерттеулер жүргізе алады, нәтижелердің сенімділігін қамтамасыз етеді.

Тұрақты оқулар, оның ішінде шетелде, халықаралық конференцияларда, съездерде қатысу, әлемнің жетекші авиациялық медициналық орталықтармен халықаралық байланыстарды қолдау, авиациялық медициналық сарапшылардың (бұдан әрі - АМС) сертификатын алу арқылы білім және шеберлігін растауға авиациялық дәрігерлерге мүмкіндік береді.

Авиациялық медициналық сарапшылар Институты авиациялық персоналдың медициналық куәландыруын, медициналық сертификатты бір адам – АМС беретіні көзделген. АМС институтын енгізу және комиссиясыз сараптама өткізуден бас тарту оны Британдық азаматтық авиациясының моделіне жақындастырады.

2018 жылы 1-ші сынып сертификаты екі АМС және 2-ші сынып сертификаты екі АМС берілді.

Авиациялық медициналық оталықтардың жұмысын бақылауды және қадағалауды уәкілетті орган – Авиациялық медицина бойынша басқарма ( бұдан әрі – ҚР ИДМ ААК АМБ) жүзеге асырады.

АМБ штаты басқарма бастығы - бас мемлекеттік авиациялық инспекторы және екі сарапшы-мемлекеттік авиациялық инспекторлардан тұрады.

Медициналық куәландыру жүйесін жетілдіру мақсатында 2019 жылға АМБ жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Авиациялық медицина бойынша негізгі нормативтік құқықтық актілер ИКАО-ның Стандарттарына және Ұсынылған тәжірибесіне сәйкес әзірленеді.

1) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы

6 маусымдағы № 329 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған);

3) «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған);

4) «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15457 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған).

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында (бұдан әрі – ҚР АА) ұшуды медициналық қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен тұрақты жұмыс жургізіледі, қажеттілікке байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

ҚР ИДМ ААҚ АМБ ҚР АА ұшүларының медициналық қамтамасыз етуіне бақылау және қадағалау жүргізеді.

ҚР АА ұшүларының медициналық қамтамасыз етуі мыналарды қамтиді:

  • денсаулық жағдайы бойынша кәсіби жарамдылықты анықтау үшін авиациялық персоналға медициналық куәландыру өткізу;
  • азаматтық авиация мекемелерінде тиісті мониторингті қамтамасыз ету үшін авиациялық дәрігерлер мен АМС авиациялық персоналға мерзімділік медициналық тексеру өткізу;
  • әуе кемесінің экипаж мүшелеріне алдын-ала медициналық тексеруден және әуе қозғалысын басқару диспетчерлеріне алдын ала ауысымдық тексеру өткізу;
  • әуе жайларда және ҚР тыс жерлерде жолаушыларға медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру;
  • жолаушыларға медициналық көмек көрсету үшін ҚР АА әуе кемерін борттық дәрі дәрмек қобдишалармен қамтамасыз етуін бақылау.
© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті