Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 5 қазанда № 8784 тіркелді, 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде № 17 (28241);

2) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 920 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 731 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12205 тіркелді,  2015 жылғы 12 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған) күші жойылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді қағаз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму және денсаулық сақтау жөніндегі жетекшілік ететін вице-министрлерге жүктелсін.

4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

министрі

 

_______________ Е. Біртанов

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

 

____________Ж. Қасымбек

 

Жарияланған: 21.04.2017
Жаңартылған: 21.04.2017
© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті