Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Субсидияланатын халықаралық авиабағытқа конкурс

Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2019 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршрут бойынша 2019 жылы 22 шілдеде конкурс өткізу туралы жариялайды:

Авиамаршруттың атауы

Тариф

(бір бағытта ұшу), теңге

Аптасына жиілік саны

Ұшақтың жолаушылар орны (кемінде)

Бөлінген сома, теңге

1.

Нұр-Сұлтан – Токио - Нұр-Сұлтан

Екі жаққа

220 000 (бір жаққа – 170 000)

2

80

1 450 000 000

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу бойынша қағидасына сәйкес Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;

4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар авиакомпаниялар конкурсқа қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

4) сақтандырудың міндетті түрлерінің болуын растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;

5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғарғы сыйымдылығы);

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;

7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;

8) қатаң есептіліктегі бланктер үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);

9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісім көшірмесі;

10) тұрақты орындалатын коммерциялық рейстер бойынша («Р» нысаны) бекітілген кестелер;

11) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсынымдар;

12) өткен қаржы жылына аудиторлық есеп ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар бір данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістірмелер болмауы тиіс.

Осы Қағидалардың құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.

Конкурстық құжаттама топтамасын (конкурсқа қосылатын авиамаршруттар тізбесімен) 2019 жылғы 18 шілде сағат 10:00-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 1413 кабинеті мекенжайы бойынша алуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынудың соңғы мерзімі - 2019 жылғы 19 шілде сағат 18:30, мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 1413 кабинет.

Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар берілген топтамасы ашу 2019 жылғы 22 шілде сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 14-қабаттағы конференц-залында жүргізіледі.

Қосымша мәліметті және ақпаратты +7(7172) 754821 телефоны бойынша алуға болады.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті